Шардара ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі, полковник Әлі Алмас Ермекұлы заңнамалық реформалардың негізгі бағыттарын түсіндіріп, заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы басым міндеттерді атап өтті.

    Шардара ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі, полковник Әлі Алмас Ермекұлы заңнамалық реформалардың негізгі бағыттарын түсіндіріп, заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы басым міндеттерді атап өтті.
    Шардара ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі, полковник Әлі Алмас Ермекұлы заңнамалық реформалардың негізгі бағыттарын түсіндіріп, заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы басым міндеттерді атап өтті.
    2026 жылғы 29 шілдеде Шардара ауданының прокуроры А. Әлінің төрағалығымен Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығында «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға және оған ілеспе заңнамаларға енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған мәжіліс өтті.
    Жиынға қала және ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор өкілдері, кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
    Мәжілісте аудан прокуратурасының прокуроры Д. Сарманов 2026 жылғы 11 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған заңнамалық өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталды.
    Атап айтқанда, өзгерістер инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, прокуратураның инвестициялық жобаларды сүйемелдеу кезіндегі үйлестіру рөлін кеңейтуге бағытталған.
    Заңға сәйкес:
    Бас Прокурорға Инвестициялық омбудсмен мәртебесі берілді (Заңның 9-бабы);
    өңірлерде бұл функцияларды облыс прокурорлары жүзеге асырады (15-бап);
    прокуратураға инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну және инвесторларға қатысты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің талап-арыздарын алдын ала келісу құзыреті берілді (22-бап);
    инвесторлардың құқықтарын қорғау саласында прокурорлық қадағалаудың жаңа актісі – нұсқама енгізілді (37-1-бап);
    прокурорлық қадағалау актілерін орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 664-1-бабымен әкімшілік жауаптылық көзделді.
    Сонымен қатар, Азаматтық процестік кодекске, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске және Кәсіпкерлік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері кеңейтіліп, Инвестициялық омбудсменнің өкілеттіктері күшейтілді. Сондай-ақ инвесторлардың қатысуымен туындайтын дауларды сотқа дейін қарау жөніндегі комиссия құру қарастырылған.
    Жиын барысында заңнамалық өзгерістердің 2026 жылғы 23 маусымнан, ал бірқатар кодекстерге енгізілген өзгерістердің 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгені, ал ӘҚБтК-нің 664-1-бабы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні түсіндірілді.
    Мәжіліс соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, Конституциялық заңдағы өзгерістерді кеңінен түсіндіру және олардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары