Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Павлодар алюминий зауытында бір әулеттің бірнеше буыны бірге еңбек етіп, өз тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін кейінгі ұрпаққа жалғастырып келеді.
Сондай еңбек династияларының бірі – Владислав Гилевтің отбасы. Ол зауытта агломератшы болып жұмыс істейді. Бұл оңай жұмыс емес, төзімділік пен жауапкершілікті талап етеді. Владислав өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, әкесінің жолын жалғастырып келеді.
Оның әкесі Евгений Гилев те осы зауытта еңбек еткен. Евгенийдің әпкесі Екатерина Кравец те еңбек жолын зауытпен байланыстырған. Ал бұған дейін мұнда олардың ата-анасы – Виктор мен Людмила Гилевтер еңбек еткен.
Гилевтер әулетінің жалпы еңбек өтілі – 130 жыл.
Ұрпақ ауысып, технология өзгергенімен, бір нәрсе өзгермейді. Ол – өз кәсібіне деген сүйіспеншілік пен жұмысына адалдық.








