«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ 2025 жылғы 20 мамырдан 20 маусымға дейінгі кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Талқылау барысында талдаудың негізгі нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою жөніндегі ұсыныстар ұсынылатын болады.
Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 27 маусым, сағат 10:00.
Өткізу орны/форматы: Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34-үй.
Қатысуға жұртшылық өкілдері мен мүдделі тұлғалар шақырылады.





