АУДАН ӘКІМІ ПАРК АУМАҒЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

    АУДАН ӘКІМІ ПАРК АУМАҒЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Аудан әкімі Айбек Купенов Қарауылкелді ауылындағы парк аумағында жүргізіліп жатқан абаттандыру және құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

    Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын «Сұңқар Ақтөбе 2025» ЖШС жүргізуде. Жобаның жалпы құны – 64,1 млн теңге. Жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2 ай.

    Жоба аясында парк аумағын абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ тұрғындардың белсенді демалысына арналған шағын жаттығу алаңдарын орналастыру қарастырылған.

    Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіштің айналасын абаттандыру және көріктендіру жұмыстары жүргізіледі. Аталған жұмыстар тарихи жадыны сақтау және жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың рухына тағзым ету мақсатында жүзеге асырылады.

    Нысанды аралау барысында аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына және белгіленген мерзімде аяқталуына баса назар аударды. Жауапты тұлғаларға құрылыс талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

    Жоба толық іске асырылғаннан кейін жаңартылған парк тұрғындардың демалысы үшін қолайлы қоғамдық кеңістікке айналып, елді мекеннің абаттандырылуына оң ықпал ететін болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары