«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 20 мамырдан 120маусымға дейін.
Талданатын кезең: 2024 жылдың екінші жартыжылдығы және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы.
Талдау шеңберінде нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы, кадрлық процестердегі, мүдделер қақтығысын реттеу мәселелеріндегі, қаржы-шаруашылық, шарттық және өзге де ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерделенетін болады.
Талдау нысанасына қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар мен ескертулерді Басқармаға мына электрондық пошта арқылы жолдауға болады: [email protected].





