«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ 2024 жылғы 13 мамырдан 13 маусымға дейінгі кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Талқылау барысында талдаудың негізгі нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою жөніндегі ұсыныстар ұсынылатын болады.
Өткізу күні мен уақыты: 2024 жылғы 21 маусым, сағат 10:00.
Өткізу орны/форматы: Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34-үй.
Қатысуға жұртшылық өкілдері мен мүдделі тұлғалар шақырылады.





