
Бүгін аудан әкімі Айбек Көпеновтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті.
Жиынның күн тәртібінде қысқы мал азығын дайындау, жылыту маусымына дайындық және мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытында жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы қаралды.
Жауапты бөлім басшылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.
Аудан әкімі қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде және сапалы аяқтауды, мал азығының қажетті қорын қалыптастыруды және шаруашылықтарды жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығын толық қамтамасыз ету, жылумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін бақылауда ұстау жөнінде жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Жиын барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытындағы комиссияның аудан аумағында жүргізген мониторинг жұмыстарының қорытындысы қаралып, мемлекеттік рәміздерді орналастыру және пайдалану кезінде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.






