Облыс аумағында 37 гидротехникалық құрылыстар бар, оның ішінде: су қоймалары - 6 (Қазсушар РМК-2, Арна КММ-4), бөгет - 1 (Солтүстік Арал теңізі, Қазсушар РМК), қорғаныс бөгеті-1 (Қазсушар РМК-625,3 шақырым), су тораптары-4 (Қазсушар РМК), магитсралды каналдар-22 (Қазсушар РМК), су тастау құрылысы-2 (Қазсушар РМК) және тоған-1 (Шалқия Цинк ЛТД ЖШС). 2025ж. мамыр және қыркүйек айларында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне облыстан құрылған комиссия тарапынан зерттеу жұмыстары жүргізілді. Кешенді жоспар аясында 2026ж. Ислам Даму Банкі есебінен су жинау көлемі 775 млн.м3 болатын "Қараөзек" су қоймасын салу және облыс бойынша кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 5 жоба Арал ауданындағы Қараарық каналын күрделі жөндеу, Қазалы ауданындағы Ішкі каналын күрделі жөндеу, Шиелі ауданындағы Құмжарған канал үшін су шаруашылығы құрылыс жұмыстарын жүргізу, Шиелі ауданындағы Базар арығы каналын күрделі жөндеуге ұсынылды. Бүгінгі күні Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Базар арығы каналына бетондау жұмыстары жүргізілуде.