Қызылорда облысы аумағында 37 гидротехникалық құрылыстар бар, оның ішінде: су қоймалары – 6 («Қазсушар» РМК – 2, «Арна» КММ – 3, Сексеуіл кент әкімшілігі – 1), бөгет – 1 (Солтүстік арал теңізі, «Қазсушар» РМК) қорғаныс бөгеті – 1 («Қазсушар» РМК – 625,3 шақырым), су торабтары – 4 («Қазсушар» РМК), магистралды каналдар – 22 («Қазсушар» РМК), су тастау құрылысы – 2 («Қазсушар» РМК) және тоған – 1 («Шалхия Цинк ЛТД» ЖШС). Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстан құрылған комиссия тарапынан жыл сайын облыс аумағындағы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 2024 жылдың сәуір және қазан айларында зертеу жұмыстары 2 рет жүргізілді. Нәтижесінде, апаттық жағдайдағы облыстық коммуналдық меншік теңгеріміндегі 2 су қоймасына (Көлтоған, Манап) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен күрделі жөндеуден жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың 2025 жылдың қаңтар айында оң қорытындысы алынды. Жалпы су қоймалары тұрақты бақылауда.