Жер учаскесін жалдау мерзімін қалай ұзартуға болады?

    Ұлытау облысның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Сұрақ

    Жер учаскесін жалдау мерзімін қалай ұзартуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай-ақ «электрондық үкімет» порталы арқылы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) көрсетеді.

    Қызметтіонлайнқалайалуғаболады:
    1. Порталда авторизациядан өтіп, «Қызмет алу» сілтемесін басыңыз.
    2. Жария кадастрлық картаға өтіп, жер учаскесін таңдаңыз, өтінім жолдарын толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз.
    3. Өтінімді ЭЦҚ қол қойып, «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.
    4. Берілген өтінім бойынша ақпарат «Өтінімдер» бөлімінде қолжетімді.

    Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

    1. Өтініш.
    2. Сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар).
    3. Жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы қандай негіздер бойынша тоқтатылады?

    Жауап

    Құқықтан бас тартқанда, мерзімі өткенде, учаскені алып қойғанда, құқықты иеліктен шығарғанда және учаскені нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағанда тоқтатылады.

    Сұрақ

    Можно ли получить земельный участок в аренду?

    Жауап

    Иә, Қазақстанда жер учаскесін жалға алуға (пайдалануға) болады. 1. Жерді жалға алу деген не? Жер учаскесін жалға алу — жерді уақытша пайдалану құқығы, бірақ жер мемлекеттің немесе басқа меншік иесінің меншігінде қалады. Сіз жерді белгілі бір мерзімге пайдалана аласыз (мысалы, 1 ж...

    Сұрақ

    Жер учаскесін жалға алу мерзімім аяқталғалы жатыр. Мерзімді ұзарту туралы өтінішті қашан беруім керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 37-бабына сәйкес, жер пайдаланушы (жалға алушы) уәкілетті органға жалдау шартының мерзімін ұзарту ниеті туралы тиісті түрде рәсімделген хабарламаны жалдау шартында көрсетілген мерзімде жіберуге міндетті.

    Сұрақ

    Жер учаскіні өз еркімен қайтару үшін өтінішті қалай беру керек?

    Жауап

    Өтініште жер учаскісінің координаттарын көрсетіп, лицензияны жібересіздер. Біз жер учаскіні қайтару бойынша комиссияны құрастырып, қаулы шығарып, тексеру жұмыстарын жүргіземіз.

    Сұрақ

    Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін алу үшін не істеу керек?

    Жауап

    Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін алу үшін "E-license" порталы арқылы өтініш беріп, келесі құжаттарды қоса беру керек: 1. Контракт, лицензия; 2. Жер учаскілерінің координаттары.

    Сұрақ

    Өндірушінің асыл тұқымды бұқасын сатып алу кезінде субсидиялау нормативі қандай?

    Жауап

    2019 жылғы 15 наурыздағы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес өндірушінің асыл тұқымды бұқасын сатып алуға 150 мың теңге сүйенеді.

    Сұрақ

    Асыл тұқымды мал басын сатып алу үшін субсидия алу үшін не қажет және оларды қалай алуға болады?

    Жауап

    2019 жылғы 15 наурыздағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" қағидаларына сәйкес осы бағыт бойынша субсидия алу үшін шаруа қожалығына "plem.kz"порталы арқылы өтінім беріп, мынадай талаптарды сақтап отыру...

    Сұрақ

    Облыс аумағында ауыл шаруашылығы техникалары тіркелгенің қалай білуге болады?

    Жауап

    "E-өтініш" сервисі арқылы өтініште жеке кәсіпкердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің толық атауын және ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) немесе БСН көрсетіп, біздің мекемеге жібересіздер.