Жер учаскіні өз еркімен қайтару үшін өтінішті қалай беру керек?
Өтініште жер учаскісінің координаттарын көрсетіп, лицензияны жібересіздер. Біз жер учаскіні қайтару бойынша комиссияны құрастырып, қаулы шығарып, тексеру жұмыстарын жүргіземіз.
Ұлытау облысның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
Жер учаскіні өз еркімен қайтару үшін өтінішті қалай беру керек?
Өтініште жер учаскісінің координаттарын көрсетіп, лицензияны жібересіздер. Біз жер учаскіні қайтару бойынша комиссияны құрастырып, қаулы шығарып, тексеру жұмыстарын жүргіземіз.
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы қандай негіздер бойынша тоқтатылады?
Құқықтан бас тартқанда, мерзімі өткенде, учаскені алып қойғанда, құқықты иеліктен шығарғанда және учаскені нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағанда тоқтатылады.
Жер учаскесін жалдау мерзімін қалай ұзартуға болады?
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – қызмет көрсетуші), сондай...
Можно ли получить земельный участок в аренду?
Иә, Қазақстанда жер учаскесін жалға алуға (пайдалануға) болады. 1. Жерді жалға алу деген не? Жер учаскесін жалға алу — жерді уақытша пайдалану құқығы, бірақ жер мемлекеттің немесе басқа меншік иесінің меншігінде қалады. Сіз жерді белгілі бір мерзімге пайдалана аласыз (мысалы, 1 ж...
Жер учаскесін жалға алу мерзімім аяқталғалы жатыр. Мерзімді ұзарту туралы өтінішті қашан беруім керек?
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 37-бабына сәйкес, жер пайдаланушы (жалға алушы) уәкілетті органға жалдау шартының мерзімін ұзарту ниеті туралы тиісті түрде рәсімделген хабарламаны жалдау шартында көрсетілген мерзімде жіберуге міндетті.
Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін алу үшін не істеу керек?
Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін алу үшін "E-license" порталы арқылы өтініш беріп, келесі құжаттарды қоса беру керек: 1. Контракт, лицензия; 2. Жер учаскілерінің координаттары.
Өндірушінің асыл тұқымды бұқасын сатып алу кезінде субсидиялау нормативі қандай?
2019 жылғы 15 наурыздағы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес өндірушінің асыл тұқымды бұқасын сатып алуға 150 мың теңге сүйенеді.
Асыл тұқымды мал басын сатып алу үшін субсидия алу үшін не қажет және оларды қалай алуға болады?
2019 жылғы 15 наурыздағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" қағидаларына сәйкес осы бағыт бойынша субсидия алу үшін шаруа қожалығына "plem.kz"порталы арқылы өтінім беріп, мынадай талаптарды сақтап отыру...
Облыс аумағында ауыл шаруашылығы техникалары тіркелгенің қалай білуге болады?
"E-өтініш" сервисі арқылы өтініште жеке кәсіпкердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің толық атауын және ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) немесе БСН көрсетіп, біздің мекемеге жібересіздер.