Кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру үшін қандай талаптар қойылады
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:
1) кәсіпкердің оны іске асыруға берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті ақшалай қаражатпен қоса қаржыландыруы;
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) Жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.