Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін тізілімге енгізудің шарттары мен тәртібі қандай
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес тиісті санатты айқындау қажет (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығы). Болашақта таңдалған санат үшін көзделген құжаттар пакетін дайындау және уәкілетті органға беру талап етіледі. Құжаттарды қабылдау, оның ішінде СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Қазақстан Конституциясы к-сі 58, кабинет 522.