Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысының 6 - тармағына сәйкес-балабақшаларда тегін тамақ беру үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен отбасы мүшелері алатын табыстың барлық түрлері ескеріледі.
Кірістердің құрамына: жұмыс орны бойынша жалақы және өзге де төлемдер; зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге де әлеуметтік төлемдер; әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына төлемдер, оның ішінде тұрғын үй өтемақылары кіреді, өйткені олар ақшалай қаражаттың бір бөлігі болып табылады және тұрақты сипатта болады.
Отбасы шығыстары, оның ішінде: кредиттер, ипотека және өзге де борыштық міндеттемелер бойынша төлемдер; Коммуналдық төлемдер, жалдау ақысы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығының 16-тармағына сәйкес басқа да ағымдағы шығыстар есепке алынбайды. Бұл кірістерді есептеу әдістемесі оларды бөлу немесе жұмсау емес, нақты алынған ақша негізінде отбасының жалпы материалдық жағдайын бағалауға бағытталғандығына байланысты.