Діни оқытуды (оның ішінде онлайн) жүргізуге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда ғана жол беріледі. Егер мұндай оқыту дінді таратумен байланысты болса, ол миссионерлік қызметке жатады және міндетті тіркеуді қажет етеді.
Тіркеуден қалай өтуге болады:
Миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызметін алуға өтініш беру қажет.
Өтініш беріледі:
- жергілікті атқарушы органға ("ШҚО дін істері басқармасы" ММ);
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) арқылы;
- немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы (eGov) арқылы.
Уәкілетті орган кім:
Уәкілетті орган жергілікті атқарушы орган болып табылады ("ШҚО дін істері басқармасы" ММ)
Маңызды:
Тіркеуден өтпей діни оқытуды (оның ішінде онлайн) жүргізу заңсыз миссионерлік қызмет болып саналады.
Жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490 бабына сәйкес:
- Қазақстан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін айыппұл қарастырылған;
- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға - ҚР шегінен шығарып жібере отырып, айыппұл салуға алып келеді.
Мысал
Азамат миссионер ретінде уәкілетті органда тіркеусіз интернет арқылы діни сабақтар жүргізеді. Мұндай әрекеттер заңсыз миссионерлік қызмет деп танылады және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Терминдерді түсіндіру
Миссионерлік қызмет — халық арасында діни ілімді таратуға бағытталған қызмет.
Уәкілетті орган — миссионерлерді тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган («Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы» ММ).