Құрылыс салушы үлескерлерден қаражат тартуды екі шарттың біреуі орындалған жағдайда ғана жүзеге асыра алады:
1) Жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) рұқсатын алған кезде.
Әкімдік рұқсатты мына талаптар орындалған жағдайда береді:
- құрылыс салушы тұрғын үй объектісінің іргетасын толық аяқтаған болса;
- жобалық-сметалық құжаттама, жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттар және өзге де қажетті құжаттар толық жинақталып тапсырылса;
- құрылыс салушы қаржылық орнықтылық талаптарына сәйкес келсе.
2) Бірыңғай оператор – «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның (ҚТҮК) кепілдігін алған кезде.
ҚТҮК үлестік қатысу саласындағы Бірыңғай оператор болып табылады. Кепілдік төмендегі жағдайларда беріледі:
- жоба бойынша құрылыс салушының қаржылық орнықтылығы тексеріліп, оң қорытынды алынған болса;
- құрылыс салушы нысанды тіркеп, барлық қажетті құжаттарды тапсырған болса;
- ҚТҮК кепілдік беру туралы шешім қабылдаған болса (Заңның 8-бабы).
Мысал:
Егер тұрғын үй құрылысы тоқтап қалса немесе созылса, ҚТҮК-ке көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау міндеттемесі және кепілдік шарты бойынша үлескерлер алдындағы жауапкершілігі жүктеледі.
Рұқсат немесе кепілдіксіз қаражат тартуға тыйым салынады
Заңның 3-бабы үлескерлердің ақшасын рұқсаттамалық құжаттар алынбай тұрып тартуға тікелей тыйым салады.
Салдары:
- жасалған шарттар жарамсыз деп танылады;
- мұндай қызмет заңсыз болып есептеледі;
- үлескерлер салынған қаражатты жоғалту қаупіне ұшырайды.
Жобаның заңдылығын қалай тексеруге болады
Барлық рұқсат алған нысандар ресми homeportal.kz порталына енгізілген.
Порталдан тексеруге болады:
- әкімдіктің рұқсатының бар-жоғын;
- ҚТҮК кепілдігінің бар-жоғын;
Терминдердің түсіндірмесі:
- Үлестік қатысу — көппәтерлі тұрғын үй құрылысының қаржыландырылуына азаматтардың қатысуы.
- Бірыңғай оператор — үлескерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін ұлттық ұйым. Қазақстанда бұл — «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ.
- Әкімдіктің рұқсаты — құрылыс жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізіліп жатқанын және құрылыс салушының халықтың қаражатын тартуға құқылы екенін растайтын құжат.
- ҚТҮК кепілдігі — үлескерлердің инвестицияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс тетігі.