- Өтінім қайда беріледі?
Өтінім gosagro.kz Дизель отынын бөлудің мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЖ) беріледі.
АЖ — бұл мемлекеттің көктемгі егіс (КЕЖ) және егін жинау жұмыстары (ЕЖЖ) кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін отын көлемін қалыптастыратын және бөлетін онлайн-платформасы.
- Өтінімді өалай беруге болады?
Келесі жылғы дизель отынына өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы 1 мен 30 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады.
- Өтінімде не көрсету керек?
Отынның көлемін автоматты түрде есептеу үшін мыналарды көрсету керек:
- танаптың кадастрлық нөмірін,
- жер участкесінің алаңын,
- егілуге/жинауға жоспарланатын дақылдың атауы немесе ауыл шаруашылығы жұмысының түрі (мысалы, жер жырту, алқаптарды өңдеу).
- Дизель отынының көлемі қалай есептеледі?
Көлемді есептеу:
- танап туралы берілген мәліметтер,
- учаскенің алаңы,
- жұмыс немесе дақыл түрі,
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен 1 га үшін дизель отыны шығысының нормативтері негізінде жүргізіледі.
Нормативтер өңірлердің топырақ-климаттық жағдайларын және аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдардың ұсынымдарын ескере отырып айқындалады. Олар өндірушілер есептік көрсеткіштерді көру үшін тікелей gosagro.kz жүйесінде орнастырылады.
Мысал:
Егер сізде 50 га жаздық бидай егілген егістік болса, сіз мыналарды енгізесіз:
- кадастрлық нөмірі → жүйе учаскені анықтайды,
- алаңы → 50 га,
- дақылы → жаздық бидай.
Жүйе алаңды нормативке автоматты түрде көбейтеді, мысалы: 50 га × 80 л/га = 4000 литр дизель отыны.
(Норматив шартты түрде берілген, мысал үшін.)