Архивтік анықтаманы мемлекеттік архивтен, ХҚКО арқылы немесе eGov.kz порталы арқылы онлайн тегін алуға болады.
Қалай өтініш беруге болады?
- (Ұлттық, облыстық, қалалық немесе аудандық) архивтің кенсесіне жүгіну;
- ХҚКО («Азаматтарға арналған үкімет» МК) арқылы өтініш беру;
- www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ пайдаланып өтініш беру;
- Шетел азаматтары сұранысты электронды пошта арқылы немесе пошталық байланыс арқылы жібере алады.
Қажетті құжаттар:
- Жеке куәлік немесе цифрлық құжат;
- Белгіленген үлгіде өтініш (Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес);
- Сұралған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері;
- Ноатриуспен куәландырылған сенімхат – өкіл арқылы өтініш берген жағдайда.
Қызмет көрсету мерзімі:
11 жұмыс күніне дейін. Егер екі немесе одан көп ұйымның құжаттарын зерттеу немесе 5 жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, мерзім 25 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін (өтініш берушіні міндетті түрде хабардар ету арқылы).
Қызметтің құны: Қызмет тегін көрсетіледі.
Ескеру қажет:
Нәтиже қағаз немесе электронды форматта беріледі. Егер жауаппен келіспеген жағдайда, өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушіге, жоғары тұрған органдарға немесе сотқа шағымдануға құқылы.