Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қолдау түрлері мыналарды қамтиды:
- Санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) ұстауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін субсидиялау.
Мемлекет туристерге қызмет көрсететін инфрақұрылым объектілерін ұстайтын кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігін өтейді.
- Туристік нысандарды салу және реконструкциялау кезіндегі шығындардың бір бөлігін өтеу.
Бұл қолдау түрі туристік инфрақұрылымды (қонақүйлер, кемпингтер, этноаулдар, демалыс базалары және т.б.) дамытуға инвестиция тартуды ынталандыруға бағытталған.
- Жол бойындағы сервис нысандарын салу кезіндегі шығындардың бір бөлігін өтеу.
Бұл қолдау түрі «А» және «В» санатындағы нысандарды — дәмханалар, мотельдер, техникалық қызмет көрсету станциялары, трасса бойындағы санитариялық-гигиеналық тораптарды қамтиды.
- Туристік автобустарды сатып алу бойынша шығындарды өтеу.
Мемлекет сегіз және одан да көп жолаушыға арналған автобустарды (жүргізуші орнын қоспағанда) сатып алу шығындарының бір бөлігін өтейді.
Қолдау алу тәртібі:
Өтінім Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасына қағаз түрінде немесе электронды форматта (пошта арқылы не қолма-қол) беріледі.
Құжаттар топтамасы комиссиямен 10 жұмыс күні ішінде қаралады, шешім хаттама түрінде рәсімделіп, басқарманың интернет-ресурсында жарияланады.
Нәтиже:
Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы оң шешім;
Немесе уәжді бас тарту.
Табысты мысал:
«А» жеке кәсіпкері санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстау шығындарын субсидиялау туралы өтінім беріп, фото және бейнематериалдарды ұсынған.
Комиссияның қарауынан және Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен келісілгеннен кейін кәсіпкерге ай сайын 83 300 теңге мөлшерінде субсидия жыл соңына дейін тағайындалған.