Азамат тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде тіркелуден заңды түрде бас тартылуы мүмкін, егер ол:
- тұрғын үйге өтініш білдірушілердің Бірыңғай республикалық электрондық дерекқорына бұрыннан тіркелген (мысалы: Семейде күту тізіміне енгізілген болса, Өскеменде қайта тіркелмейді);
- соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасында тұрғын үйге ие болған немесе иелігінде тұрғын үй бар (мысалы: 2 жыл бұрын пәтер сатқан — бұл тұрғын үймен қамтамасыз етілген болып есептеледі);
- аталған елді мекенде жылжымайтын мүлікке ие (мысалы, Өскеменде бөлмеге ие болса — осы қалада күту тізіміне енгізілмейді);
- Қазақстанда жылжымайтын мүлікке ие, бірақ мемлекеттік кәсіпорыннан тұрғын үй алуға өтініш береді (мысалы, ұлттық компания қызметкері басқа қалада үйге ие болса — оған компания тұрғын үйі берілмейді);
- мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе әкімдіктен жалға алынған тұрғын үйде тұрады (мысалы: әкімдік төлейтін жалға алынған пәтерде тұратын отбасы – олар күту тізіміне енгізілмейді);
- жалған құжаттар немесе ақпарат ұсынған (мысалы: пәтердегі үлесін көрсетпеген немесе отбасы құрамының нақты жағдайын жасырып отырған);
- бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алып, оны жекешелендірген (мысалы: 2014 жылы әкімдіктен тұрғын үй алып, оны жекешелендірген — қайта жекешелендіруге болмайды);
- басқа елді мекенде тек бір ғана апатты тұрғын үйі бар (мысалы, апатты үй Риддерде орналасқан — Өскеменде күту тізіміне қоймайды);
- мемлекеттік ипотекалық несие немесе мемлекет мақұлдаған тұрғын үй бағдарламалары арқылы тұрғын үй сатып алған. (Мысалы: «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алған — тұрақты тұрғын үй болып есептеледі)
Бұл бас тарту жағдайлары Қазақ Республикасы Үкіметінің 381-қаулысымен бекітілген Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу ережелерінде және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақ Республикасының Заңында көзделген.