Атаулы әлеуметтік көмек алуға кім құқылы?

    Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек алуға кім құқылы?

    Жауап
    - 1. Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
    2. Адамдардың (отбасылардың) атаулы әлеуметтік көмекке шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түрінде құқығы бар.
    3. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін уәкілетті мемлекеттік орган статистика саласындағы мемлекеттік орган есептейтін халықтың орташа табысы негізінде мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты пайыздық мәнде халықтың жан басына шаққанда орташа есеппен айқындайды.
    4. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдар уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған кедейлік шегінің мөлшері негізінде есептейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарға мемлекет тарапынан берілетін жөргектерді қалай алады?

    Жауап

    Тұрғылықты жері бойынша емханадағы дәрігерлердің кеңес беру комиссиясының қорытындысы негізінде аумақтық орган «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне» медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен (ВТЭК) әзірлен...

    Сұрақ

    Қысқа мерзімді оқуға кімдер қатыса алады?

    Жауап

    Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің меншік нысанына қарамастан олардың сұратуы бойынша ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан аса қызмет ететін...

    Сұрақ

    Сұрақ: Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуға кімдер қатыса алады?

    Жауап

    Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидалары Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасына және 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру адамдарды ерікті түрде қо...

    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаcына кімдер қатыса алады?

    Жауап

    Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үш...

    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарға мемлекет тарапынан оңалту құралдарын қалай алуға болады?

    Жауап

    Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Тұрғылықты жері бойынша емханадағы дәрігерлердің кеңес беру комиссиясының қорытындысы негізінде аумақтық орган «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне» медицин...

    Сұрақ

    Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық ұйымға қандай санаттағы адамдар кезектен тыс қабылданады?

    Жауап

    - Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымд...

    Сұрақ

    ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КІМ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ?

    Жауап

    Қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйым -Мүгедектігі бар және қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы болып табылады, бұл қызметтерді: - жеке оңалту және оңалту бағдарламасына (ЖООБ) сәйкес бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар...

    Сұрақ

    Жұмыс беруші мансап орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн олардың жалақысын субсидиялау арқылы құратын жұмыс орындары. Кімдер қатыса алады?

    Жауап

    - Жұмыс беруші мансап орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн олардың жалақысын субсидиялау арқылы құратын жұмыс орындары. Кімдер қатыса алады? - 16 жастан бастап Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін...