Сұрақ: Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуға кімдер қатыса алады?
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидалары Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасына және 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру адамдарды ерікті түрде қоныс аудару, сондай-ақ адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне (бар болса) көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары түріндегі материалдық көмек көрсету тәртібін айқындайды.