Алматы қаласында Кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін тізілімге енгізу жөніндегі бағдарламаны әзірлеуші ҚР ҰЭМ болып табылады. Бұл жеке кәсіпкерлер мен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы. Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі әлеуметтік осал санаттағы қызметкерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, олар өндірген өнімді өткізетін немесе халықтың осындай топтары үшін тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін, және қоғамдық-пайдалы, білім беру және мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге беріледі. Мәртебе мемлекет тарапынан қолдауға сенуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік кәсіпорындар үшін арнайы қолдау шаралары қалыптастырылды (5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар, жеңілдікті шарттардағы үй-жайлар, жеңілдікті кредиттеу). Басқарма өтінімдерді қабылдауды тоқсан сайын 1 нен 15 не дейін жүзеге асырады