2025 жылдан бастап күшіне енген заңнамадағы өзгерістерге сәйкес тұрғын үйді есепке алу және бөлу жөніндегі функциялар "Отбасы банк"АҚ-ға берілді. Қазақстанда мемлекеттік қордан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою "Отбасы банк" порталы арқылы цифрлық форматта жүзеге асырылады (orken.otbasybank.kz) немесе eGov.kz. Құжаттардың тізбесі:
1) Соңғы бес жыл ішінде ҚР аумағында меншік құқығында тұрғынжайы жоқ ҚР тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын, қандастарды есепке қою кезінде электрондық түрдегі өтініш;
2) ҚР заңнамасында көзделген тәртіппен жалғыз тұрғынжайы апатты деп танылған ҚР тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын есепке қою кезінде: электрондық түрдегі өтініш; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) электрондық көшірмесі;
3) ақпараттық жүйеде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бойынша мәліметтер болмаған кезде: электрондық түрдегі өтініш; жалғыз немесе екі ата-ананың жоқтығын және/немесе заңды өкіл мәртебесін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.