ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының талаптарына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылған азаматтар мемлекеттен тұрғын үй алуға құқылы. Бірінші кезектегі құқықты Заңның 68-бабында аталған азаматтардың санаттары алады (халықтың әлеуметтік осал топтары). Олардың қатарына мыналар кіреді: ҰОС қимылдарының ардагерлері; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, "Ана даңқы"ордендерімен марапатталған көп балалы отбасылар мен көп балалы аналар; I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; жесірлер. Заңның 74 - бабының 3-тармағына сәйкес, бұл санаттар жыл сайын бөлінетін жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 70% - на басым құқыққа ие. Қалған мұқтаж азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы ("Отбасы банк"АҚ) жүргізетін бірыңғай кезек бойынша тұрғын үйдің қалған 30% - на үміткер бола алады.