Жұмыскерді еңбек демалысы кезеңінде жұмыстан шығаруға бола ма?

    ·
    Сұрақ

    Жұмыскерді еңбек демалысы кезеңінде жұмыстан шығаруға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу мүмкіндігін шектеу көзделген.

    Кодекстің 54-бабына сәйкес, Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 1), 18) 20) және 23) тармақшаларында, 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі және демалыста жүрген кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.

    Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен Кодекстiң 52-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.

    Тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты бұзылған немесе мерзім аяқталғаннан кейін еңбек шарты тоқтатылған кезде мұндай шектеу көзделмейді. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартының бұзылу күні жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.

    Белгіленген мерзімге жасалған еңбек шарты оның мерзімінің аяқталуына байланысты бұзылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Зейнетақыдан ұстап қалу жүргізілуі мүмкін бе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 203 бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу алушының өтініші негізінде ұсталатын зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген зейнетақы сомаларын қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін....

    ·
    Сұрақ

    Отбасында екі бала (егіздер) туған жағдайда бала күтімі бойынша бір жәрдемақы тағайындалады ма немесе әр балаға бөлек пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 81 бабының 5-тармағына сәйкес бір жарым жасқа толмаған екі және одан көп балаға күтім жасалған жағдайда, бала күтіміне байланысты жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленеді.

    ·
    Сұрақ

    Біз отбасымызбен Оралдан Алматы қаласына көштік, менің анам Оралда зейнетақы алып тұрды, тұрғылықты жері өзгерген кезде не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған зейнетақы алушылар зейнетақы ісіне сұрау салуға өтініш береді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақы ісіне сұрау салуды өтініш берушінің бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырады. Осыған орай, Сіздің анаңыз Алм...

    ·
    Сұрақ

    Менің асырауымда 2 балам бар, біздің асыраушымыз 2025 жылы 12 ақпанда қайтыс болды, жақында жәрдемақы төленетінін білдім, жәрдемақыны қай уақыттан алуға құқығым бар және жәрдемақыны алу үшін қайда баруым керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 234 бабының 8-тармағына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бірақ барлық қажетті құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтініш жасаған күнге дей...

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезінде әскери қызмет кезеңдері еңбек өтіліне кіре ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208 бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде әскери қызмет есепке алынады. Әскери билет, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы немесе ҚР ҚМ...

    ·
    Сұрақ

    Зейнетақы тағайындау кезінде институт/училищедегі оқу кезеңдері еңбек өтіліне кіре ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208 бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жердегі жоғары оқу орындарындағы, оның ішінде даярлық курстарында...

    ·
    Сұрақ

    Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне қандай санаттағы азаматтардың құқығы бар?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 212 бабына сәйкес әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында зейнетақылардың қандай түрлері бар және олардың айырмашылығы неде?

    Жауап

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың: 1) мемлек...

    ·