Біз №___ Сатып алуға қатысу үшін қажетті барлық құжаттаманы жинап, қоса бердік. Алайда, біздің өтініміміз «Қағидалардың 41, 42 және 43-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған» деген негізбен қабылданбады. Қабылдамау негіздерін түсіндіруді сұраймыз.
Қағидалардың 66-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, конкурстық комиссия Қағидалардың 41, 42 және 43-тармақтарында көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, өтінімді қабылдамауға және әлеуетті өнім берушіні ашық конкурсқа қатысуға жібермеуге міндетті.
Қағидалардың 41-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің (немесе банк филиалының) осы банктің алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтамасының электрондық көшірмесі болуы тиіс.
Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының бірнеше екінші деңгейдегі банктерінде немесе шетелдік банкте қызмет көрсетілсе, тиісті анықтама олардың әрқайсысынан ұсынылуы керек. Анықтама конкурстық өтінімдерді ашу күніне дейін бір айдан ерте емес мерзімде берілуі тиіс.