Қазақстанда Ғылым қалашығы бола ма?
Иә. Қазақстанда ғылымды көп қажет ететін аумақтарды (Ғылым қаласы мен ғылыми-технологиялық парктерді) құру жоспарлануда. 2025 жылы 2026–2035 жылдарға арналған ғылымды көп қажет ететін аумақтарды құру және дамыту тұжырымдамасы бекітілді.
Тұжырымдамада үш негізгі ғылыми алаң құру көзделген:
- Алматы қаласындағы Ядролық физика институты базасында ғылыми-технологиялық парк;
- Астана қаласындағы Назарбаев Университеті базасында ғылыми-технологиялық парк;
- Курчатов қаласының базасында ғылым қалашығы.
Ғылымды көп қажет ететін аумақтарды құру ғылым мен технологияларды дамытуға, инвестициялар мен халықаралық жобаларды тартуға, ғалымдар мен инженерлер үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған.