Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі қандай ғылыми жобалар мен зерттеулерді қолдайды?
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мен жаңа технологияларды дамытуға бағытталған ғылыми жобалар мен зерттеулерді қолдайды.
Қолдау келесі бағыттар бойынша жобаларға көрсетіледі: ядролық энергетика, атом реакторларының қауіпсіздігі, жаңа реакторлық технологияларды дамыту, ядролық отын циклі және пайдаланылған отынмен жұмыс істеу, радиациялық технологиялар және ядролық медицина, радиофармацевтикалық препараттарды өндіру, радиациялық технологияларды медицина мен өнеркәсіпте қолдану, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, қауіпсіз сақтау және қайта өңдеу, экологиялық және радиациялық қауіпсіздік, радиациялық материалтану, ядролық технологияларды өнеркәсіпте қолдану, зерттеу реакторлары мен қондырғыларын жаңғырту.
Ғылыми жобалардың басым бағыттары халықаралық тәжірибе мен саланың қажеттіліктерін ескере отырып, ғылыми қауымдастықтың қатысуымен Агенттіктің Ғылыми-техникалық кеңесі арқылы айқындалады.