AdiletGov қосымшасы жеке сот орындаушыларымен өзара әрекеттесуді қалай жеңілдетеді?

    ·
    Сұрақ

    AdiletGov қосымшасы жеке сот орындаушыларымен өзара әрекеттесуді қалай жеңілдетеді?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жағдайында азаматтардың уәкілетті органдармен және лауазымды тұлғалар мен өзара іс-қимылының қолжетімділігі мен ыңғайлылығы ерекше маңызға ие. Осы тұрғыда AdiletGov мобильді қосымшасы атқарушылық іс жүргізу саласында да кеңінен қолданылуда.

    AdiletGov қосымшасы азаматтарға атқарушылық іс жүргізулер туралы өзекті ақпаратты электрондық формата алуға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы қозғалған атқарушылық істердің бар-жоғын, олардың ағымдағы мәртебесін, берешек сомасын, сондай-ақ қолданылған мәжбүрлеп орындату шараларын, соның ішінде тыйым салулар мен шектеулерді көруге болады.

    Қосымшаның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — жеке сот орындаушысына (ЖСО) тікелей өтініш жолдау. Бұл өзара іс-қимыл форматы атқарушылық іс жүргізу тараптарына сот орындаушысының кеңсесіне жеке бармай-ақ, өтініш жолдауға мүмкіндік беріп, уақытты үнемдеуге және байланыс процесін жеңілдетуге жағдай жасайды.

    AdiletGov қосымшасы арқылы жолданған өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде, яғни бес жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысы тарапынан қаралады. Өтінішті электрондық формата жолдау оның тіркелуін және қаралу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етіп, атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін арттырады.

    AdiletGov қосымшасын пайдалану қағаз құжат айналымын қысқартуға, ақпараттың қолжетімділігін арттыруға және азаматтар мен жеке сот орындаушылары арасындағы электрондық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді. Қосымша атқарушылық іс жүргізу қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заманауи әрі ыңғайлы құрал болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу қалай жұмыс істейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан азаматтарына жеке сот орындаушыларының мемлекетке берешегі 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) көлеміндегі берешегі бойынша 25 пайыздық сыйақыдан бас тартуға мүмкіндік беретін цифрлық сот орындаушылары жүйесін бүкіл ел бойынша ен...

    ·
    Сұрақ

    Авторлық құқықты тіркеу міндетті ме?

    Жауап

    Ғылыми, әдеби немесе өнер туындысына авторлық құқық оның жасалуына байланысты туындайды. Авторлық құқықты жасау және жүзеге асыру үшін туындыны тіркеу, туындыны кез келген басқа арнайы ресімдеу немесе қандай да бір формальдылықты сақтау талап етілмейді. Сондықтан авторлық құқық о...

    ·
    Сұрақ

    Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген туындылар даналарының көшірмелерін алуға бола ма?

    Жауап

    «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға сәйкес құжаттардың көшірмелері, тиісті туындының данасы және (немесе) оның сипаттамасы автордың келісімімен үшінші тұлғаларға ұсынылады.

    ·