Авторлық құқықты тіркеу міндетті ме?
Ғылыми, әдеби немесе өнер туындысына авторлық құқық оның жасалуына байланысты туындайды. Авторлық құқықты жасау және жүзеге асыру үшін туындыны тіркеу, туындыны кез келген басқа арнайы ресімдеу немесе қандай да бір формальдылықты сақтау талап етілмейді.
Сондықтан авторлық құқық объектілеріне құқықтардың мемлекеттік тізіліміне ақпаратты енгізу тәртібі міндетті емес.
Қазақстан Республикасындағы авторлық құқық туынды жасалған сәттен бастап автоматты түрде пайда болады, яғни оны қорғау үшін арнайы тіркеу қажет емес.