Борышкердің ресми түрде жалақысы болмаған жағдайда алимент бойынша берешек қалай анықталады?
Алимент бойынша берешектің мөлшерін өндіріп алу жүргізілмеген кезеңде борышкер алған нақты жалақысы (кірісі) не өндіріп алушының қалауы бойынша берешегі анықталған кездегі борышкер алған кірісі негізге ала отырып, өндіріп алуды жүзеге асыру орны бойынша сот орындаушысы айқындайды.
Алайда, егер борышкер осы кезеңде жұмыссыз болса немесе оның табысын немесе өзге де кірістерін растайтын құжаттарды ұсынбаса, алимент бойынша берешек өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалады.