Электронды апостильді қалай алуға болады?
Порталға кіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз.
Заполнить заявку и подписать электронной цифровой подписью (ЭЦП).
Апостиль қойылған құжаттың сканерленген нұсқасын тіркеңіз (көшірмелерден сканерлеуге рұқсат етілмейді). Сканерленген құжат түпнұсқаға дәл сәйкес келуі керек; түзетуге немесе өшіруге рұқсат етілмейді.
«Төлеу» түймесін басу арқылы электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлем жасаңыз.
Төлем жасалғаннан кейін сіздің жеке кабинетіңіздің «Қызмет көрсету тарихы» бөліміне апостиль қойылған мөрі бар электрондық құжат нысанында немесе дәлелді бас тарту түрінде өтінішіңізді өңдеу туралы хабарлама жіберіледі.
Апостиль мөрінің астында мемлекеттік органның веб-сайтына сілтеме берілген. Шет мемлекеттің уәкілетті органы мұны сілтеме https://kz/cms/ru/services/apostil/apostil бойынша тексере алады.
Қызметті онлайн алу үшін алдымен шет елде электронды апостиль мөрі бар электрондық құжаттың қабылданғаны туралы сұрауды ұсынамыз.