"Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңның мақсаты қандай?
Заңның мақсаты бойынша "Мемлекеттік сатып алулар туралы"мемлекеттік сатып алу саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа сәйкес мемлекеттік басқарудың стратегиялық мақсаттарына, мемлекеттің міндеттері мен функцияларына қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Заңның міндеті мемлекеттік сатып алу субъектілері үшін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңда белгіленген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары арқылы мемлекеттік қаржыны және бюджетті тиімді басқарудың құқықтық негіздерін құру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы «Мемлекеттік сатып алулар туралы»