Қазақстан Республикасының резиденттері – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе одан тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары.;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы, 13-тармағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы»
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106