Қала құрылысы немесе сәулет жобасына авторлық құқықты қалай алуға болады?

    ·
    Сұрақ

    Қала құрылысы немесе сәулет жобасына авторлық құқықты қалай алуға болады?

    Жауап

    Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық пен соған байланысты туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және осы Заңмен реттеледi. Шығармашылық еңбегiнiң нәтижесiнде сәулет және (немесе) қала құрылысы туындысын жасаған азаматтар оның авторлары деп танылады және оларға тиiсiнше авторлық құқық беріледi.

    Сәулет немесе қала құрылысы туындысы авторларының мүлiктiк құқықтары (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) оның:

    1) жобаны пайдалану немесе іске асыру үшін пайдалануға рұқсат етуге;

    2) сәулет немесе қала құрылысы жобасын жаңадан жасауды, таратуды және қайта өңдеудi жүзеге асыруға немесе оған рұқсат етуге;

    3) аталған ерекше құқықтарын заңдарда көзделген тәртiппен басқа тұлғаларға беруге ерекше құқығы болып табылады.

    Қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторларына, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктiк құқықтар берiлмейдi.

    Жобаның тапсырысшысы (жұмыс берушi) мен авторлар (тапсырысты орындаушылар) арасындағы шартта қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысын пайдалану жөнiндегi мүлiктiк құқықтарды реттеу туралы ереже болуға тиiс.

    Сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторы:

    1) егер құрылыс жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, авторлық жобаны iске асыру жөніндегi құрылыс құжаттамасын әзiрлеуге авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;

    2) егер сәулет (қала құрылысы) жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, объектiлер құрылысының (реконструкциялаудың, қалпына келтiрудiң, жаңғыртудың) барысына белгiлеген тәртiппен авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;

    3) егер жобаны әзiрлеуге арналған шартта немесе жобалауға берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, сондай-ақ объектiде мемлекеттiк құпияларға жатқызылған ақпарат болмаса, суретке түсiрудi (кино-, бейне түсiрiлiм) жүргiзуге құқылы.

    Автордың (авторлардың) сәулет және қала құрылысы туындыларына жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

    Мақсаты:

    Сәулет және қала құрылысы шығармашылығын құқықтық қорғау, авторлардың мүліктік және жеке құқықтарын сақтау және жобаларды заңды түрде пайдалану тәртібін қамтамасыз ету.

    Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.

    Закон об архитектуре: BD%D0%BA%D1%82%D0%BE%D0%B2

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жоба бекітілгенге дейін азаматтардың жоба бойынша ескертулері мен ұсыныстарын білдіру мүмкіндігі қарастырылған ба?

    Жауап

    Иә. Жоба бекітілгенге дейін азаматтардың өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіру мүмкіндігі қарастырылған. Елді мекендерді дамыту және салу жөніндегі қала құрылысы жобалары бекітілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың талқылауларға қатысуға, жеке және қоғамдық мүдделерге қатысты...

    ·
    Сұрақ

    Бас жоспарға енгізілетін өзгерістерді талқылау бойынша қоғамдық тыңдау қашан және қай жерде өтеді?

    Жауап

    Жоқ, себебі Құрылыс кодексіне сәйкес бекітілген бас жоспар жаңа бас жоспар бекітілгенге дейін қолданылады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметті жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы орган көрсетеді. ЖАО қоғамдық талқылаулар туралы а...

    ·
    Сұрақ

    Қала немесе ауылдың бас жоспарын кім бекітеді?

    Жауап

    Бас жоспарды жергілікті мәслихат және Қазақстан Үкіметі бекітеді. Аудандықмаңызы бар қалалар мен кенттердің бас жоспарларын, сондай-ақ халықтың есептік саны 5 мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларды) бекіту аудандық м...

    ·
    Сұрақ

    Сәулет-жоспарлау тапсырмасысыз құрылыс салуға бола ма?

    Жауап

    Сәулет-жоспарлау тапсырмасысыз құрылыс салуға болмайды. Елді мекендердің аумақтарын дамыту және салу бекітілген қала құрылысы жобалары негізінде жүзеге асырылады. Елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты елді мекеннің бекітілген бас жоспа...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа бас жоспар бекітілгенге дейін жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Жоқ, себебі Құрылыс кодексіне сәйкес бекітілген бас жоспар жаңа бас жоспар бекітілгенге дейін қолданылады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту — жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы орган көрсететін мемлекеттік қызмет. Елді мекеннің бас жоспары немесе...

    ·
    Сұрақ

    Сәулет-жоспарлау тапсырмасысыз құрылыс салуға бола ма?

    Жауап

    Елді мекендердің аумақтарын дамыту және салу бекітілген қала құрылысы жобалары негізінде жүзеге асырылады. Елді мекенді дамытуды кешенді жоспарлауды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты елді мекеннің бекітілген бас жоспары болып табылады Мақсаты: Елді мекендерді кешенді және...

    ·
    Сұрақ

    Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру қанша уақыт алады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер құрылысының жобалары бойынша: АПЗ және техникалық шарттарды ұсынуға-9 (тоғыз) жұмыс күні; жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға - 15 (он бес) жұмыс күні. Мемлекет...

    ·
    Сұрақ

    Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті алу үшін 1 өтініш беруші "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өзгеріске байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жаб...

    ·