Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік органдар өз интернет-ресурстарының мазмұнының өзектілігі мен дұрыстығына дербес жауап береді.. Яғни, мемлекеттік орган өз қызметі туралы өзекті және шынайы ақпаратты орналастыруға міндетті.
Сайттардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Министрліктердің, әкімдіктердің және өзге де мемлекеттік құрылымдардың барлық сайттары Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына (МОИРБП) біріктірілген. Бұл — барлық ресми сайттар бірыңғай форматта және бірыңғай басқару аясында орналастырылатын орталықтандырылған жүйе.
Осы платформа арқылы:
- барлық сайттар бірыңғай дизайн мен құрылымға ие;
- бірыңғай техникалық және ақпараттық талаптар сақталады;
- деректердің қорғалуы мен киберқауіпсіздік қамтамасыз етіледі;
- азаматтарға қажетті ақпаратты www.gov.kz порталынан табу әлдеқайда жеңіл болады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі нің ресми сайты және Алматы облысының әкімдігі нің интернет-ресурсы осы платформаның құрамында жұмыс істейді және gov.kz доменінде орналасқан.
Бірыңғай платформаны құрудың басты мақсаты — мемлекеттік ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, жеке сайттарды әзірлеу мен сүйемелдеуге жұмсалатын шығындарды азайту, деректердің қорғалу деңгейін көтеру және азаматтардың мемлекеттік органдармен интернет арқылы өзара іс-қимылын жеңілдету.
Интернет-ресурс — бұл мемлекеттік органдардың қызметі туралы мәліметтерге азаматтардың ашық әрі еркін қол жеткізуін қамтамасыз ететін ресми ақпарат көзі.