Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 71-бабы 2-тармағына сәйкес Қауіпті техникалық құрылғыларға:
1) жылу желілерін қоспағанда, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;
2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер;
3) 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер;
4) қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар;
5) шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар;
6) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар жатады