Заңды тұлғаның атауы өзгерген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатты қайта ресімдеу талап етіле ме?
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңында заңды тұлғаның атауы өзгерген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатты қайта ресімдеу көзделмеген. Осыған байланысты ұйымның атын өзгерту кезінде аттестатты қайта ресімдеу талап етілмейді. Аттестаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін (5 жыл) заңды күші болады.