Электр желілерін энергия беруші ұйымның теңгеріміне беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 13-1-бабына сәйкес, электр желілері тек сол желілерге тікелей қосылған энергия беруші ұйымның теңгеріміне беріледі.
Мәселені қарау үшін қажетті құжаттар:
* электр желілері нысандарына құқық белгілейтін құжаттар;
* жобалық құжаттама;
* атқарушылық құжаттама (атқарушылық сызбалар, жасырын жұмыстар актілері, сынақтар мен өлшеулер актілері);
* нысанды пайдалануға қабылдау актісі;
* жабдықтарға техникалық паспорттар (трансформаторлар, тарату құрылғылары, кабельдік және әуе желілері және т.б.);
* теңгерімдік тиесілігін растайтын құжаттар;
* желілердің нақты техникалық жай-күйі туралы мәліметтер.
Құжаттар тапсырылғаннан кейін энергия беруші ұйым:
* нысандардың техникалық жай-күйіне талдау жүргізеді;
* қажет болған жағдайда комиссиялық тексеру ұйымдастырады;
* желілерді теңгерімге қабылдау немесе анықталған ескертулерді жою қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Құқық белгілейтін құжаттар болмаса немесе қолданыстағы талаптарға сәйкессіздіктер анықталса. барлық кемшілік толық жойылғанға дейін желілерді теңгерімге қабылдау жүргізілмейді.