Елді мекендерді газдандыру қалай жүзеге асырылады?
«Жетісу облысын 2030 жылға дейінгі перспективасымен кешенді газдандыру» өңірлік схемасына сәйкес, облыстағы 356 елді мекеннің 210-ы газдандыруға жатады. Бүгінгі таңда өңірдің газдандыру деңгейі 67,2% құрайды. 110 елді мекен газдандырылып, 467,0 мың адам (116 мың абонент) газға қол жеткізді. Қазіргі уақытта 2025 жылы басталған 16 өтпелі нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде облыстың газдандыру деңгейі 126 елді мекенге жетіп, 500,0 мыңнан астам тұрғын (72%) газбен қамтылады. |