Қалай «тиімді меншік иесі» болуға болады?
Пәтер сатып алғаннан кейін адам тек тұрғын үйдің иесі ғана емес, сонымен бірге үйдің ортақ мүлкінің тең иесі болады. Бұл мүліктің үлесі пәтердің ауданына байланысты және оны бөлу мүмкін емес. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік иелері үйді күтіп ұстауға және жөндеуге жауапты болады. Егер ортақ мүлік дұрыс ұсталмаса, бұл тұруды қауіпті және ыңғайсыз етуі мүмкін. Сондықтан тұрғындар үшін жауапты меншік иелері болу маңызды: жалпы жиналыстарға қатысу, үйді басқару формасын, сондай-ақ сервистік немесе басқарушы компанияны таңдау. Үйді басқарудың барлық негізгі шешімдері меншік иелерінің жиналысында қабылданады. |