Әуе электр желілерінің кернеуіне байланысты күзет аймақтарының өлшемдері қанша метрді құрайды?
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі «Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» № 330 бұйрығына сәйкес, әуе электр желілерінің кернеуіне байланысты күзет аймақтары келесі мөлшерде белгіленеді: · 1 кВ дейінгі жалаңаш сымды желілер үшін – әр жағынан 2 м; · 1 кВ дейінгі өзін-өзі ұстайтын оқшауланған сымдар үшін – әр жағынан 1 м; · 1–20 кВ желілер үшін – кемінде 10 м; · 35 кВ желілер үшін – кемінде 15 м; · 110 кВ желілер үшін – кемінде 20 м; · 220 кВ желілер үшін – кемінде 25 м; · 330–500 кВ желілер үшін – кемінде 30 м; · 1150 кВ желілер үшін – кемінде 55 м. |