Мемлекет тарапынан бөлім арқылы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 8 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Атап көрсеткенде:
Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық қамтамасыз ету;
Техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасыз ету;
Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметімен қамтамасыз ету;
Жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз ету;
Санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
Үйде күтім көрсету жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету;
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;