Ауыл аманаты жобасы бойынша несие алу үшін қандай құжаттар дайындайды?

    ·
    Сұрақ

    Ауыл аманаты жобасы бойынша несие алу үшін қандай құжаттар дайындайды?

    Жауап

    Несие алушыға дайындалатын құжаттар тізбесі

    Р/с

    Құжаттың атауы

    Құжат/мәліметтер түрі

    Ескертпе

    1.

    Сауалнама – сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес микрокредит алуға арналған өтінім

    түпнұсқа/электрондық құжат

    2.

    Өтініш берушінің/жұбайының жеке куәлігі, өтініш берушінің неке туралы куәлігі

    құжаттың көшірмесі/электрондық көшірмесі/мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық форматтағы мәліметтер

    3.

    Дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға және ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ Қарыз алушының/Кепіл берушінің (болған жағдайда) кредиттік есебін алушыға кредиттік есепті беруге келісу

    түпнұсқа/электрондық құжат

    4.

    Шоттың болуы және оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен несиелік қарыздың болуы туралы (кредиттер болған кезде) қызмет көрсететін банктен анықтамалар

    түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін ұсынылады) электрондық құжат түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде уәкілетті адам түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмеге жол беріледі)/кредиттік бюродан электрондық форматтағы мәліметтер

    5.

    Кепілмен қамтамасыз етудің құқық белгілейтін құжаттары (сатып алу-сату шарты/ сыйға тарту шарты/ жекешелендіру шарты/ жария ету шарты/Заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқығы туралы куәлік/ қайта жоспарлауды пайдалануға беру актілері/ өтеусіз беру шарты/ айырбас шарты, техникалық паспорт, жер учаскесіне акт.

    мемлекеттік деректер базасынан көшірме/ электрондық мәліметтер

    6.

    Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (2-нысан)

    7.

    Бағалау туралы есеп

    түпнұсқа/электрондық құжат

    8.

    Кепіл берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына және сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі

    түпнұсқа

    Осы құжаттардың электрондық нұсқасын және көшірмелерін тапсырасыздар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Кәсіпкерлігін дамыту мақсатында қаржы институттарынан грант алу туралы

    Жауап

    «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азамат(ша) ретінде кезектілікке тұру туралы.

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мына жағдайларда мұқтаж деп танылады: 1. Есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағ...

    ·
    Сұрақ

    Тұрақты жұмыспен қамту туралы

    Жауап

    «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482 Заңның 13-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және/немесе табысы (кірісі) жоқ еңбекке қабілетті жастағы жеке тұлғалар жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлікпен айналысып, мал шаруашылығын дамыту үшін жер учаскелерін қандай тәртіппен алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 48-бабының талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығымен айналысуға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелеріне құқық табыстау сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Жер ко...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық...

    ·
    Сұрақ

    Өтінішті қалай кері қайтарып алуға болады?

    Жауап

    Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: 1) https://eotinish.kz сайтында авторизациядан өту; 2) «Меніңөтініштерім» бөлімінен қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу; 3) кері қайтарып алуға арыз жіберу үшін «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу; 4) себебі...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке қалай тұруға болады

    Жауап

    Бұған дейін тұрғын үй кезектілігімен жұмысшы орган болып табылатын, яғни аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айналысып келсе, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды, кезекке қоюды, жалға...

    ·