Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мына жағдайларда мұқтаж деп танылады:
- 1. Есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;
- Есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;
- Өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса;
- Өздерінің тұрып жатқан тұрғын жайы белгіленген санитариялық -эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
- Жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
- Отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер кезектілік негізінде және тұрғылықты мекен-жайы бойынша беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе атқарушы орган жалдаған тұрғын үй кезегіне құжаттарыңызды халыққа қызмет көрсету орталығы немесе «www.egov.kz» электронды порталы арқылы тапсыруға болады.