Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі деген не?
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – кондоминиум объектісінің барлық тұрғындарға ортақ пайдалануға арналған бөліктері. Оларға мыналар жатады: фасадтар, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс топтарының қалқалары (навес), шатыр асты кеңістіктері, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйдің ортақ инженерлік жүйелері мен жабдықтары, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесі және (немесе) үй маңындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және басқа да ортақ пайдалануға арналған мүлік. Бұл мүлікке пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ орындары және қоймалар (кладовкалар) кірмейді, өйткені олар жеке (бөлек) меншікте болады.