Өз ісімізді ашу үшін үкімет тарапынан қандай жеңілдіктер қарастырылған?
2023 жылдан бастап, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты жобасы» іске асырылуда. Бұл жоба « Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның негізгі мақсатты «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» ӘҚ арқылы кепілдікке мүлік және жер қойып 2,5 пайыздық үстемімен жеңілдетілген несие алу арқылы ауыл кәсіпкерлігін дамыту және тұрақты жұмыс орындарын құру.
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы.
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 270 қаулысы.
Ескерту. Тұжырымдамаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 01.07.2023 № 539 қаулысымен.