Қазіргі таңда, туризм саласы археологиялық қазбалардың, мәдени ескерткіштердің тартымдылығымен, салт-дәстүрдің даралығымен де ерекшеленіп отыр. Бұл тұрғыда біз қандай археологиялық мәдени ескерткіштерімізбен туристерді тарта аламыз?

    Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Сұрақ

    Қазіргі таңда, туризм саласы археологиялық қазбалардың, мәдени ескерткіштердің тартымдылығымен, салт-дәстүрдің даралығымен де ерекшеленіп отыр. Бұл тұрғыда біз қандай археологиялық мәдени ескерткіштерімізбен туристерді тарта аламыз?

    Жауап

    Қызылорда облысында 472 тарихи-мәдени мұра объектілері мемлекеттік қорғауға алынып, оның ішінде 31 республикалық және 411 жергілікті маңызы бар объектілер,
    273 ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра нысандарының тізіміне алынған.

    Сығанақ қалашығы– Қазақстан Республикасының ірі тарихи көрнекті орны болып табылады және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұраларына енудің тізіміне енгізілген.

    Тарихи қаланың «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолының бойында орналасуы, оның туристік әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

    Жанкент қалашығыСырдария өзенінің сол жағалауында Қазалы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай
    23 шақырым жерде орналасқан. Оғыздардың ортағасырлық астанасы болған қаланың қалдықтары қазіргі уақытқа дейін өте жақсы сақталған.

    Шірік-Рабат қалашығыежелгі жазбаларда сақ көсемдерінің резиденциясы ретінде айтылған. Қармақшы ауданының аумағында Қызылорда қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан.

    Туристердің жайлылығы мен қолайлы жүруін қамтамасыз ету үшін дестинациялардың, оларға барар маршруттардың инфрақұрылымдық желілерімен қамтылуына баса назар аударылуда.

    Менің тапсырмаммен, өткен жылы Қорасан ата кесенесінің аумағына демеушілік есебінен абаттандыру, жарықтандыру және қоршау жұмыстары жүргізілді (100 млн.теңгеден астам).

    Үстіміздегі жылы бюджет есебінен Жосалы кентіндегі Марал баба кесенесіне дейінгі аралықтағы 6,5 шақырым жолға қиыршық тас төсеу жұмыстары (жоба құны - 257,0 млн. теңге) менАрал ауданы әкімдігі тарапынан Арыстан баб кесенесіне абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санатын алу тәртібі қандай?

    Жауап

    Бірінші санатты спорт төрешісі біліктілігі – бұл кәсіби білім мен тәжірибені ресми түрде таныту, оған арналған арнайы оқу, тестілеу және федерациядан растайтын құжат алу процесі. Біліктілікке өтініш беру үшін өтініш, ұсыныс хат, семинардан өткені туралы анықтама, төрешілік тәжіри...

    Сұрақ

    «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Спорт федерациясын аккредиттеу – федерацияның ресми тіркеліп, заңды түрде жұмыс істеуіне рұқсат алу процесі. Аккредиттеу үшін федерация жарғысы, спорт түрі бойынша бағдарлама жобасы және басшылар туралы мәліметтер қажет. Құжаттар дайындалған соң, жергілікті халыққа қызмет көрсету...

    Сұрақ

    Балалар мен жастарға арналған тегін спорт секциялары мен клубтарына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Қатысу үшін әкімдіктің сайты, спорт мектебі немесе бос уақыт орталығы арқылы тіркелу қажет. Сабақ кестесі алдын ала жарияланады. Барлық балалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар, медициналық анықтама және ата-аналардың рұқсатымен қатыса алады. Сабақтар тегін өткізіледі, қ...

    Сұрақ

    Спорт федерациясынын аккредитацияны қалай алуға болады?

    Жауап

    Спорт федерациясының аккредитациясын алу үшінeGov.kz порталы арқылы жарғыны, басқару құрылымын және даму бағдарламаларын қоса отырып, жергілікті атқарушы органға өтініш беру қажет. Өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған .

    Сұрақ

    Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлеген облыстық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекіту қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Басқармаға қағаз жүзінде, электронды пошта арқылы немесе «Е-өтініш» АЖ арқылы жолдай отырып, басқарманың келісімін алу арқылы жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Басқарма басшысының жеке қабылдауына қалай жазылуға болады?

    Жауап

    Қабылдау «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, алдын ала хабарланады. Немесе жергілікті атқарушы органға келіп жазылуға болады. Жеке қабылдаудың уақыты әр аптаның сәрсенбі күні сағ 16:00-18:00 аралығында.

    Сұрақ

    Балаларды мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдау рәсімі қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Құжаттар қабылдау қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе электронды үкімет веб порталы арқылы жүзеге асырылады. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың...