- Жер қатынастары саласы бойынша:
ҚР Жер кодексі ҚР 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Кодексінің 12-бабының 9 және 13 тармақтарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы) жүзеге асырады;
- "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету бойынша:
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығының "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері.